Меркі: Ауданға жаңа бас имам тағайындалды

Меркі: Ауданға жаңа бас имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Асқар Зәкіржанұлы мешітке жиылған жамағатпен жүздесіп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен таныстырып өтті.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің басшылық қызметіне Приозерск қалалық  мешітінің бас имамы Қожахметов Дәуіт Сейітқалиұлы тағайындалды. Ал, төрт жылдан астам уақыт бойы «Меркі ата» мешітінің бас имамы қызметін жемісті атқарған Абдразахов Азамат Берікұлы Қордай аудандық орталық мешітінің  бас имамы қызметіне ауыстырылды.

Қос қызметкердің де қарым-қабілеті мен білім-біліктілігі жайлы өкіл имам Асқар Зәкіржанұлы жамағатқа қысқаша жеткізе келе, жаңа жұмыстарына сәттілік тіледі. Бас имамға алдағы жылға тапсырмалар берді.

 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: