Мешіт жамағаты қызмет бабымен өзге өңірге ауысып жатқан ауданның бас имамы Азамат Берікұлын құрметпен шығарып салды. Жамағат атынан алғыс білдіріліп, иығына шапан жабылып елге сіңірген еңбегі ерекше атап өтілді.
Игі іс-шарада мешіт жамағаты мен мешіт имамдары, аудан ақсақалдары және алыс жақыннан келген арнайы қонақтар бас қосты.
Жиында сөз сөйлеген ақсақалдар мен мешіт қызметкерлері және мешіт жамағаты бас имамның 4 жылдан аса уақытта абыроймен атқарған қызмет жолын тілге тиек етіп, діни-ағартушылық, қайырымдылық және бірлікке үндеген бастамаларын жоғары бағалап, ризашылықтарын жеткізді.
Шара барысында көпшілікке ақ дастархан жайылып, Құран бағышталып, ізгі тілектер айтылды. Жамағат Азамат Берікұлының жаңа қызметінде сәттілік тілеп, абыройлы еңбегінің жалғасуына дұға жасады.
Алла Тағала жасаған қызметін сауаптан жазып, алдағы істеріне береке нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



28 Ақпан 2026
11 Рамадан 1447

