ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА РАМАЗАННЫҢ АЛҒАШҚЫ АУЫЗАШАРЫ БЕРІЛДІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА РАМАЗАННЫҢ АЛҒАШҚЫ АУЫЗАШАРЫ БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» мешітінде қасиетті Рамазан айының басталуына орай алғашқы ауызашар дастарханы жайылды. Жыл сайынғы игі дәстүр биыл да өз жалғасын тауып, мешіт жамағатына арналған ауызашар бір ай бойы тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.

Алғашқы ауызашар барысында облыстың бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жамағатты қасиетті айдың басталуымен құттықтап, оразаның рухани тәрбиедегі маңызына тоқталды. Бас имам жиналған қауымды ізгілікке, сабыр мен шүкіршілікке үндеп, Рамазан айының берекесі әр шаңыраққа молынан қонуына тілектестік білдірді.

Сондай-ақ дастархан басына жиналған жамағатқа арнайы сыйлықтар табысталып, көпшілік ризашылықтарын жеткізді. Ауызашар рухани бірлікті арттырып, мешіт пен жамағат арасындағы бауырмалдық байланысты нығайтқан тағылымды басқосу болды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: