УАҚЫП – САУАБЫ ҮЗІЛМЕЙТІН САДАҚА

УАҚЫП – САУАБЫ ҮЗІЛМЕЙТІН САДАҚА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Уақып – бұл адамның өз мүлкін Алланың разылығы үшін қоғам игілігіне арнап, оны сатылмайтын, мұраға қалдырылмайтын, бірақ пайдасы үздіксіз тиіп тұратын игілікке айналдыруы. Яғни, негізгі мүлік сақталады да, оның жемісі халыққа қызмет етеді.

Исламда уақып – сауап есігі ешқашан жабылмайтын ерекше амал. Пайғамбарымыз ﷺ:

«Адам баласы қайтыс болғанда оның амал дәптері жабылады. Бірақ үш нәрседен басқа: жария садақа (садақа жәрия), пайдалы ілім және өзіне дұға жасайтын салиқалы ұрпақ».

(Муслим риуаят еткен)

Ғалымдар бұл хадистегі «жария садақаның» ең үлкен мысалдарының бірі – уақып екенін айтқан.

Уақыптың мысалдары:

Мешіт салу немесе салуға үлес қосу

Құдық қаздыру, су тарту

Медресе, мектеп ашу

Қасиетті кітаптар тарату

Кедей-кепшікке арналған қор құру

Тарихта мұсылмандар уақып арқылы мешіттер, ауруханалар, керуен-сарайлар, медреселер салған. Көптеген елдерде білім мен ғылымның дамуына уақып үлкен үлес қосты. Мысалы, Осман дәуірінде көптеген қоғамдық нысандар уақып есебінен жұмыс істеген.

Уақып – бұл байдың ғана амалы емес. Әркім шамасына қарай үлес қоса алады. Аз болса да шынайы ниетпен берілген дүние – Алланың алдында үлкен сауап.

Бүгінде де уақып – қоғамды ізгілендіретін, адамдарды бірлікке шақыратын, сауапты көбейтетін игі жол. Уақып еткен жан дүниесін тазартумен қатар, артында өшпейтін із қалдырады.

Уақып – бұл дүниеде игілік, ақыретте мәңгілік сауап.

Омар Асқарбек

Қаратау қаласы "Әбдібай ата" мешітінің имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: