ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Қордай ауданына арнайы барып, жаңа бас имамды ресми түрде таныстырды.
Бұл жауапты қызметке Азамат Берікұлы тағайындалды. Ол бұған дейін Меркі ауданының бас имамы қызметін атқарған.
Жамағат жаңа имамды жылы қарсы алып, ақсақалдар батасын берді. Облыс бас имамы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Сондай-ақ осы уақытқа дейін Қордай ауданының бас имамы қызметін абыроймен атқарған Әлімұханбет Егізбаевке жамағат ризашылықтарын білдіріп, иығына шапан жапты.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



18 Ақпан 2026
1 Рамадан 1447

