ШӘКІРТТЕР АРАСЫНА ЖАРТЫ ПАРАДАН ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ

ШӘКІРТТЕР АРАСЫНА ЖАРТЫ ПАРАДАН ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Һибатулла Тарази» мешітіндегі ДСАК шәкірттері арасында сатыаралық емтихан ретінде жарты парадан Құран сайысы өтті.

Білім додасына қатысқан шәкірттердің дайындық деңгейі мен тәжуид қағидаларын сақтауына ұстаздар Жариза Иманалиева және мешіт ұстазы Аружан Талғатқызы төрелік етті. Сайыс барысында қатысушылар Құран аяттарын мәнерлеп, дұрыс оқу шеберліктерін көрсетті.

Нәтижесінде:
І орын – Арысбаева Айжан,
ІІ орын – Сатаева Жадыра,
ІІІ орын – Аймахан Қызжібек иеленді.

Сайыс шәкірттердің Құранға деген сүйіспеншілігін арттырып, білімдерін шыңдауға үлкен серпін берді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: