Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері “Һибатулла Тарази медресе-колледжі” жеке мекемесі оқытушылары және шәкірттерімен арнайы кездесу өткізді. Тағылымды жиында оқу орнының директоры Жарбол Болатұлы қонақтарды білім ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырып, ғимараттың материалдық-техникалық базасын, оқу сыныптарын және кітапхана қорын таныстырды.
Кездесу барысында діни білім мен зайырлы оқытуды қатар меңгертетін медресе-колледж жүйесінің ерекшелігі жан-жақты сөз болды. Оқу бағдарламаларының мазмұны, шәкірттердің рухани-адамгершілік тәрбиесі және кәсіби даярлығы туралы мазмұнды пікір алмасу өтті. ҚМДБ өкілдері білім алушылардың терең діни таныммен қатар, қоғамға пайдалы, парасатты тұлға болып қалыптасуының маңызын атап өтті.
Жиын соңында ұстаздар мен шәкірттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, білім беру ісіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Шарада діни білім мен зайырлы оқытуды ұштастырған медресе-колледж жүйесінің артықшылықтары кеңінен сөз болды.
«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің баспасөз қызметі



15 Ақпан 2026
27 Шаабан 1447

