МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАС МҮФТИДІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАС МҮФТИДІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы «Һибатулла Тарази» мешітінің бірқатар қызметкерлерін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Алғыс хатымен марапаттады.

Атап айтқанда, «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты имам Ғайырфулла Әмірбеков, «Уақып» бағытына жауапты маман Дәулет Жанарбекұлы және Ақпарат және «Мұнара ТВ» бағытына жауапты журналист Ақерке Шахризатқызына арнайы Алғыс хат табысталды.

Марапат – діни қызмет жолындағы жауапкершілікті еңбектің, жүйелі жұмыстың және қоғам игілігі үшін атқарылған қызметтің айғағы. Бұл – мешіт ұжымының ауызбіршілігі мен ортақ мақсат жолындағы табанды еңбегіне берілген жоғары баға.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: