АДАЛ АС – ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ

АДАЛ АС – ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Рамазан айына дайындық аясында «Адал ас – шариғат талабы» тақырыбында семинар өтті. Тағылымды кездесуге «Халал Даму» стандартизация және сертификация орталығы Жамбыл облысы өкілдігіне қарасты технолог маманы Аймекен Амангелдіқызы арнайы қатысып, мазмұнды баяндама жасады.

Семинар барысында адал астың мұсылман өміріндегі маңыздылығы кеңінен түсіндіріліп, тағамдық қоспалардың халал екендігін анықтау жолдары слайд арқылы көрсетілді. Мамандар халал өнімді таңдауда нені ескеру қажет екенін нақты мысалдармен баяндап, күнделікті тұрмыста кездесетін мәселелерге тоқталды.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді. Өзара пікір алмасу арқылы семинар мазмұны тереңдей түсті.

Аталған кездесу адал астың маңызын ұғындыруға және халал талаптарын кеңінен насихаттауға өз үлесін қосты.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: