Талас ауданында өткен жиын барысында «Дін мен дәстүр» кітабының үшінші томы аудан имамдарына таныстырылды. Аталған бағытқа жауапты маман Ахат Қайыпбергенұлы кітаптың мазмұны мен маңыздылығына жан-жақты тоқталды.
Баяндамасында ол дін мен дәстүрдің өзара сабақтастығы, ұлттық құндылықтарды ислам дінімен үйлестіре отырып насихаттаудың маңызы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, аталмыш еңбектің ел арасында кеңінен таныстырылып, халыққа дұрыс бағыт-бағдар беруде тиімді құрал болатынын атап өтті.
Жиын соңында имамдарға «Дін мен дәстүр» кітабының үшінші томын мешіт жамағаты мен жалпы халық арасында кеңінен насихаттау жөнінде ұсыныс білдірілді.
Аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі.


13 Ақпан 2026
25 Шаабан 1447

