#Талас ауданында бірқатар имамдар Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды

#Талас ауданында бірқатар имамдар Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы 2025 жылы дін саласында аянбай еңбек етіп, ел игілігі жолында қызмет атқарған бірқатар имамдарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі атынан алғыс хат табыс етті. Атап айтқанда, Қасқабұлақ ауылының имамы Асанов Хеурза, Бостандық ауылының имамы Түзелбаев Зулфихар және Сәду Шәкіров ауылының имамы Оспанов Бақдәулет Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты шара барысында бас имам марапат иелерін құттықтап, олардың дін саласындағы еңбектеріне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, алдағы уақытта да халыққа сапалы діни қызмет көрсетіп, бірлік пен тұрақтылықты нығайту жолында табанды еңбек етуге шақырды.

Аудандық Қаратау Қажы би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: