#Талас ауданында «С» санатын аяқтаған дін мамандарына сертификаттар табыс етілді

#Талас ауданында «С» санатын аяқтаған дін мамандарына сертификаттар табыс етілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы Аудандық Қаратау Қажы би мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оқу бағдарламасы аясында «С» санатын толыққанды аяқтаған дін мамандарына сертификат табыс етті.

Салтанатты шара барысында бас имам дін қызметкерлерін оқу бағдарламасын сәтті аяқтауларымен құттықтап, олардың кәсіби біліктілігін арттыру жолындағы еңбектеріне алғыс білдірді. Сонымен қатар, алған білімдерін ел игілігі жолында тиімді пайдалануға шақырды.

Жиын соңында сертификат иелеріне алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп, дін саласындағы тұрақтылық пен бірлікті нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Аудандық Қаратау Қажы би мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: