Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының бастамасымен ауданға қарасты мешіттердің имамдары қатысқан аудандық жиналыс өтті. Басқосуда аудан көлемінде атқарылып жатқан діни жұмыстардың барысы сараланып, алдағы кезеңге арналған маңызды міндеттер айқындалды.
Жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі төрт бағыт бойынша жұмыстарды жүйелі жүргізу қажеттігі айтылды. Атап айтқанда, діни-ағартушылық бағытты күшейту, жат ағымдардың алдын алу, қоғаммен байланыс және қайырымдылық шараларын жандандыру мәселелері кеңінен қозғалды. Сонымен қатар, мешіттердің күнделікті қызметін жетілдіру, жұма уағыздарының мазмұнын біріздендіру, жастармен және жамағатпен жұмыс жүргізу жайы да назардан тыс қалмады. Бас имам әр бағытқа жауапты имамдарды бекітіп, нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиын соңында алдағы жылға арналған жылдық жоспар бекітіліп, имамдарға қойылған міндеттердің орындалуы қатаң бақылауда болатыны айтылды.
Аудандық Қаратау Қажы би мешітінің баспасөз қызметі



13 Ақпан 2026
25 Шаабан 1447

