#Мойынқұм: Мойынқұм ауданының бас имамы пәтуа сағатын өткізді

#Мойынқұм: Мойынқұм ауданының бас имамы пәтуа сағатын өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Кенжемолдаев «Мойынқұм» мешітінде жамағатқа пәтуа сағатын өткізді. Шара барысында басты назар мешіттен тыс жерде жұма намазын оқуға бола ма деген діни мәселеге аударылды.

Имам қатысушыларға дін тұрғысынан кеңестер беріп, мешіттен тыс жерде жұма намазын оқудың шарттары мен оның дұрыс ұйымдастырылу жолдарын түсіндірді. Жамағат мүшелері сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

Пәтуа сағаты қоғамдағы діни сауаттылықты арттыруға және жамағаттың күнделікті өмірінде дін ережелерін дұрыс ұстануына бағытталған маңызды іс-шара болды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: