«Мойынқұм» мешітінде аудан бас имамы Ержан Кенжемолдаев жамағатқа пәтуа сағатын өткізді. Шара барысында басты назар лудоманияның (ойынқұмарлықтың) шариғаттағы үкіміне аударылды.
Имам тақырыпты талқылау кезінде шариғаттан дәлелдер келтіріп, ойынқұмарлықтың харам екендігін түсіндірді. Ибн Аббастан жеткен риуаятта Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Алла Тағала бір қауымға бір нәрсені харам еткен болса, онда оның ақшасын алуды да харам етті» (Дарақұтни, №318).
Жамағат мүшелері пәтуа сағатында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Бұл шара қоғамдағы діни сауаттылықты арттыруға, ойынқұмарлыққа қатысты дұрыс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара болды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



13 Ақпан 2026
25 Шаабан 1447

