Бірлік ауылы «Бірлік» мешітінің имамы Серік Смайлов Исламдағы бала тәрбиесінің маңызы туралы кеңінен айтып, ұрпаққа дұрыс тәрбие беру – ата-ананың ең үлкен аманаты екенін атап өтті.
Уағыз барысында баланы имандылыққа, әдептілікке және ізгілікке баулудың қоғам болашағы үшін ерекше мәнге ие екені түсіндірілді. Сондай-ақ ата-ананың өнегелі іс-әрекеті мен мейірімі бала тәрбиесіндегі басты үлгі екені айтылды.
Шара соңында көпшілік алғыстарын айтып, мұндай рухани насихаттар отбасындағы тәрбиенің маңызын арттырып, саналы да парасатты ұрпақ қалыптастыруға бағытталған игі қадамдардың бірі болып табылады.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



13 Ақпан 2026
25 Шаабан 1447

