Құмөзек ауылының мешітінің имамы жамағатқа ихсан тақырыбында уағыз жүргізді. Имам ихсанның мәні мен оның адам өміріндегі рөлін түсіндіріп, жақсы амал жасау мен ниетті таза ұстаудың маңызын атап өтті.
Уағыз барысында имам: «Ихсан — әрбір әрекетімізді Алла алдында адал орындау, жүрегіміз бен ниетімізді тазалыққа жетелеу», — деді. Жамағат мүшелері уағыздан рухани азық алып, күнделікті өмірде ихсанды қолдануға ниет білдірді.
Мешіттің ұйымдастыруымен өткізілген бұл шара қоғамдағы ізгілік пен адамгершілік құндылықтарын насихаттауға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



13 Ақпан 2026
25 Шаабан 1447

