«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Мыңарал ауылында жамағатпен рухани кездесу ұйымдастырылды. Ауыл имамы жиналған көпшілікке Ислам дініндегі адалдық пен әділдіктің орны, қоғамдағы жауапкершілік пен өзара құрметтің маңызы туралы әсерлі уағыз жүргізді.
Имам өз сөзінде «Қазіргі заманда бүкіл адамзат алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі – әділетсіздікпен күресіп, адал қоғам құру» екені айтылып, жамағатқа ізгілікке бастар өнегелі ойлар ұсынылды. Сонымен қатар, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, пайдалы кеңестер айтылды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



13 Ақпан 2026
25 Шаабан 1447

