Мойынқұм мешітінің наиб имамы жамағатқа уақыттың қадірі мен уақыптың маңызы туралы тағылымды уағыз айтты. Уағыз барысында уақыптың адам өміріндегі ең қымбат нығметтердің бірі екені атап өтіліп, оны пайдалы істерге жұмсаудың маңызы кеңінен түсіндірілді.
Имам өз сөзінде: «Уақып – жеке мүлікті қоғам игілігіне арнап, оның сауабын мәңгілікке Алладан үміт ету. Ол – имандылықтың, жомарттықтың және жауапкершіліктің жарқын көрінісі», – деп атап өтті.
Кездесу жамағатқа рухани серпін беріп, ізгі амалдарға ұмтылудың маңызын терең ұғындыруға бағытталды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



13 Ақпан 2026
25 Шаабан 1447

