#Шу: "Жәми" мешітінде Қайырымды амал – мұсылманның ең үлкен қазынасы атты жұма намаз уағызы өтті

#Шу: "Жәми" мешітінде Қайырымды амал – мұсылманның ең үлкен қазынасы атты жұма намаз уағызы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хазіреті Әли (Алла оған разы болсын): «Расында, дүние бізден теріс айналып, алыстап барады. Ал Ақырет болса, бізге құшағын ашып, жақындап келеді. Бұл екеуінің де өз перзенттері бар. Сендер фәни дүниенің емес, мәңгі болғанАқыреттің перзенті болыңдар! Себебі, бүгін – амал ету бар, бірақ сұрақ-жауап жоқ. Ал ертең – сұрақ-жауап бар, бірақ амал ету жоқ!» – деген екен.

Осындай тақырыпты орталық «Жәми» мешітінде «Тоғай» мешітінің имамы Жанат Сағитов қасиетті жұма намазын жүргізіп, жамағатқа «Қайырымды амал – мұсылманның ең үлкен қазынасы» тақырыбында уағыз айтты.

Уағыз барысында мұсылман өміріндегі игі істердің маңызы кеңінен түсіндіріліп, намазды уақытылы оқу, ата-анаға құрмет көрсету, адамдарға пайдалы іс жасау және жасырын орындалған сауапты амалдардың рухани құндылығы ерекше екені атап өтілді. Жамағат ізгілікке үндейтін насихат тыңдап, жүректеріне тағылым алды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: