Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев «Тоғай» мешітінде қасиетті жұма намазын жүргізіп, жамағатқа «Қайырымды амал – мұсылманның ең үлкен қазынасы» тақырыбында уағыз айтты.
Уағыз барысында имам намазды уақытылы оқу, ата-анаға жақсылық жасау, үзілмей жалғасатын сауапты істер атқару, адамға пайдалы іс жасау және жасырын жасалған амалдардың маңыздылығына тоқталды. Бұл игі амалдардың мұсылман өміріндегі рухани құндылығы ерекше екені кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ уағыз соңында Құран Кәрімдегі: «Сондай-ақ иман келтіріп, игі іс істейтіндерге келсек, Біз игі істер істейтіндердің сауабын әсте зая етпейміз» («Кәһф» сүресі, 30-аят), – деген аят келтіріліп, жамағатты ізгі амалдар жасауға шақырды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



11 Ақпан 2026
23 Шаабан 1447

