«Қойайдар» мешіт ішіндегі күйген жарық шамдары толықтай жаңартылып, ортадағы үлкен шамға – 85 дана, кіреберіс пен үлкен дәлізге – 22 дана, сондай-ақ дәретхана мен асхана бөлмелеріне – 22 дана жаңа жарық шам орнатылды.
Бұдан бөлек, дәретханадағы жуынатын крандар да жаңартылып, жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында қажетті жөндеу жұмыстары атқарылды.
Аталмыш мешіттің имамы демеушілермер, атсалысқан азаматтарға ризалығын білдіріп, батасын берді. Бұл игі бастамалар қасиетті ай қарсаңында мешіттің көркін арттырып, құлшылық етуге келген жамағатқа жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



11 Ақпан 2026
23 Шаабан 1447

