Аудандық орталық «Жәми» мешітінің наиб имамы Мағжан Рзахан «Төле би» мешітінде фиқһ ілімі бойынша тағылымды дәрістерін жүргізіп, жамағатқа шариғат негіздерін кеңінен түсіндіруде.
Дәріс барысында жиналған қауым көкейдегі сауалдарын қойып, тұщымды да мазмұнды жауаптарға қанықты. Бұл кездесулердің басты мақсаты діни сауатты арттырып, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту.
Айта кетейік, аталмыш мешіттің бас имамы Талғат Кәрібайұлы алдағы уақытта діни білім беру ісін жүйелі түрде дамыту көзделіп отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, «Нұр-Мүбарак» университеті мен «Һибатулла Тарази» медресесінде білім алып жатқан имам-шәкірттерді мешіттерге шақырып, уағыз-насихат пен дәрістер ұйымдастыру жоспарлануда. Әр аптаға арнайы күн белгіленіп, жамағаттың діни танымын тереңдетуге мүмкіндік жасалмақ.
Мұндай рухани бағыттағы шаралар ел ішіндегі бірлік пен имандылықты арттырып, жас ұрпақтың дұрыс діни түсінік қалыптастыруына оң ықпал етпек.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



11 Ақпан 2026
23 Шаабан 1447

