#Шу: «Жәми» мешітінде жас отбасыға рухани кеңес өтті

#Шу: «Жәми» мешітінде жас отбасыға рухани кеңес өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық орталық «Жәми» мешітінде отбасы берекесіннығайтуға бағытталған тағылымды кездесу өтті. Мешіт ішінде «Отбасы кеңес беру» орталығында ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев жас отбасылармен жүздесіп, отбасы құндылықтары жайында мазмұнды кеңес берді.

Кездесу барысында имам отбасының берекесі өзара сыйластық пен жауапкершілікке негізделетінін атап өтіп, ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністік, сабыр мен мейірімнің маңызына ерекше тоқталды. Сондай-ақ жастар көкейіндегі сұрақтарын қойып, өмірлік маңызы бар тұщымды жауаптар алды.

Шара соңында алғыстарын білдіріп, имамның батасын алды. Мұндай тағылымды шаралар жас отбасылардың рухани тұрғыда нығаюына, қоғамдағы береке мен бірліктің артуына оң ықпал ететіні сөзсіз.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: