#Шу: «Намаз – діннің тірегі» атты рухани іс-шара өтті

#Шу: «Намаз – діннің тірегі» атты рухани іс-шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданына қарасты «Жиенбет Жексенбай» мешітінде имам Шүкірәлі Бердібековтің ұйымдастыруымен «Намаз – діннің тірегі» атты тағылымды іс-шара өтті. «Ислам және адал қоғам» жылы аясында өткен кездесуде намазға ниет етіп жүрген жандарға бағыт-бағдар беріліп, оның оқылу тәртібі, ниет ету жолы, ішкі және сыртқы парыздары жөнінде кеңінен түсіндірілді.

Кездесу барысында жамағат намазды жаңа бастаған кездегі қызықты әрі әсерлі оқиғаларымен бөлісіп, бұл сәттердің қателік емес, керісінше дұрыс ниет пен табандылықтың көрінісі екенін атап өтті. Мұндай әңгімелер жиынға ерекше жылылық сыйлап, рухани байланысты күшейтті.

Іс-шара соңында имам: «Мінсіз намаз болмайды. Бірақ әр намаз сайын өз деңгейімізше оны жетілдіре беру – әрбіріміздің ортақ мақсатымыз», – деп қорытынды сөз айтып, жамағатқа ізгі тілегін білдірді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: