Бірлік ауыл тұрғындарының діни сауатын арттырып, қоғам бірлігін нығайту мақсатында «Бірлік» мешітінің имамы Серік Смайлов жамағатпен кездесу өткізіп, жат ағымдардың зияны туралы мазмұнды уағыз-насихат жүргізді.
Кездесу барысында имам ислам құндылықтарының маңызына тоқталып, теріс идеологиялардан сақтануға, құндылықтардың бұрмалануы мысалдарын тілге тиек етті. Сондай-ақ қоғамдағы татулық пен ынтымақты сақтау – әрбір мұсылманның басты міндеті екені ерекше атап өтілді.
Жиын соңында ауыл тұрғындары көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Мұндай тағылымды кездесулердің өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне оң әсер ететіні айтылып, игі шара алдағы уақытта да жалғасын табатыны жеткізілді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



11 Ақпан 2026
23 Шаабан 1447

