Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай қасиетті жұма намазында жамағатқа «Уақып – сарқылмайтын садақа» тақырыбында уағыз жүргізді.
Уағыз барысында уақыптың мән-маңызы түсіндіріліп, оның қоғамға пайда әкелетін сауапты амал екені айтылды. Имам игі істерге үлес қосу, қайырымдылық жасау және халық игілігі үшін жасалған әрбір іс мұсылман үшін мәңгілік сауап болып жазылатынын атап өтті.
Сондай-ақ жамағатты ізгілікке, бірлік пен жанашырлыққа үндеп, сауапты амалдарды көбейтуге шақырды. Шара соныңда жамағат алғыстарын білдіріп, намазда сап түзеді.
Мойынқұм аудандық Мойынқұм мешітінің баспасөз қызметі.



11 Ақпан 2026
23 Шаабан 1447

