Мойынқұм ауданына қарасты «Шалғынбайұлы Бейсенбай» мешітінде ауыл тұрғындарына арналған рухани кездесу өтті. Мешіт имамы Нұрдос Нұрғазыұлы жамағатқа алдағы келе жатқан қасиетті Рамазан айының маңызы мен ерекшеліктері туралы тағылымды уағыз жүргізді.
Уағыз барысында оразаға дұрыс ниет ету, Рамазан айының адам баласын сабыр мен тақуалыққа тәрбиелейтін құндылықтары кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ бұл айда қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсету, ауызбіршілік пен мейірімділікті арттыру – әрбір мұсылманның парызы екені атап өтілді.
Ислам және адал қоғам жылына орай өткен кездесу соңында жамағат көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Мұндай рухани басқосулар тұрғындардың діни танымын арттырып, қасиетті айды лайықты қарсы алуға жол ашатыны айтылды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



11 Ақпан 2026
23 Шаабан 1447

