Қордай: Жалған діни ағымдардан сақтану - жастарға бағыт

Қордай: Жалған діни ағымдардан сақтану - жастарға бағыт

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз Мұхаммед  (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Дінде шектен шығудан сақтаныңдар, өйткені сендерден бұрынғыларды құрдымға кеткені - шектен шығу еді» деген.

Осы өсиетті негізге ала отырып, Қордай ауданы, Жамбыл ауылы, «Ал Хафиз» мешітінің имамы Талғат Баймуханбетұлы Жамбыл ауылының мәдениет үйінде 10-11 сынып оқушыларымен «Жалған діни ағымдардан сақтану - жастарға бағыт» тақырыбында тағылымды кездесу өткізді.

Кездесу барысында жастарды адастыруға бағытталған теріс ағымдардың белгілері, олардың қоғам мен жеке тұлғаға тигізер зияны түсіндіріліп, дәстүрлі діннің сабыр, білім және жауапкершілікке негізделген жол екені айтылды.

Имам жастарды сыни ойлауға, білімді сенімді дереккөзден алуға және елдің тыныштығы мен бірлігін сақтауға шақырды. Алла Тағала жастарымызды тура жолдан айырмай, иманды, саналы ұрпақ болуды нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: