Қордай: Таза сенім – тұрақты қоғам кепілі

Қордай: Таза сенім – тұрақты қоғам кепілі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз Мұхаммед  (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Кім тура жолды ұстанса, ол өзіне пайда келтіреді» деген. Осы ұстанымды негізге ала отырып, Қордай ауданы, «Бетқайнар» ауылдық мешіт имамы Нурлан Нурмаханұлы, №7 Бетқайнар колледжінің шәкірттерімен жат діни ағымдар мен діни экстремизмнің алдын алу бағытында түсіндіру кездесуін өткізді.

Шара барысында жастар санасына кері әсер ететін радикалды көзқарастардың мазмұны, олардың жеке тұлға мен қоғамға тигізер зардаптары кеңінен қозғалды.

Сонымен қатар дәстүрлі исламның ақыл-парасатқа, білім мен төзімділікке негізделген құндылықтары түсіндіріліп, жастарды ақпаратты сүзгіден өткізіп, дұрыс бағытты таңдауға үндеді. Алла Тағала жастарымызды тура жолдан тайдырмай, саналы да салиқалы ұрпақ болуды нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: