Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Ең қайырлыларың – адамдарға пайдасы тигені» деген. Осы өнегені басшылыққа ала отырып, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, «Еңбек» ауылдық мешіт имамы Адамбек Абитаев, Еңбек ауылы мәдениет үйінде жоғары сынып оқушыларымен терроризм, экстремизм және жат ағымдардың қоғам мен жастар санасына тигізер зияны туралы түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында теріс идеологиялардың белгілері, олардың бейбітшілік пен бірлікке қарсы бағытталғаны айтылып, дәстүрлі исламның адам өмірін, тыныштық пен жауапкершілікті жоғары қоятын жол екені кеңінен түсіндірілді.
Жастарды білімге сүйеніп, сыни ойлауға және дұрыс бағытты таңдауға шақырды. Алла Тағала жастарымызды тура жолдан айырмай, ел тыныштығын баянды етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



11 Ақпан 2026
23 Шаабан 1447

