«Жақсылық жасасаң — өзіңе қайтады» дейді дана халқымыз. Осы бір өмірлік қағиданы ісімен дәлелдеген Қордай ауданы, Жамбыл ауылындағы «Ал Хафиз» мешітінің имамы Талғат Баймұханбетұлы қайырымдылықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Ол мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында жалпы сомасы 115 000 теңгеге 7 отбасыға қаржылай көмек беріп, олардың көңіліне үміт пен жылулық сыйлады.
Бұл игі іс ауыл тұрғындары арасында мейірім мен жанашырлықты арттырып, қоғамдағы бірлікті нығайта түсті. Осындай сауапты амалдар көпке үлгі болып, жақсылықтың жалғасын табуына себеп болары сөзсіз. Алла Тағала жасалған әрбір жақсылықты еселеп қайтарып, берекесін арттырсын, игі істеріміз үзілмесін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



11 Ақпан 2026
23 Шаабан 1447

