«Өмір - Алланың аманаты» дейді дана сөз. Қордай ауданы, «Бетқайнар» ауылдық мешітінің имамы Нурлан Нұрмаханұлы, Бетқайнар ауылы Мәдениет үйінде шекара қызметінде жүрген мерзімді әскери қызметтегі жастармен арнайы кездесу өткізді.
Жиын барысында қоғам үшін аса өзекті мәселе өз-өзіңе қол жұмсау - ауыр күнә әрі орны толмас қасірет тақырыбы кеңінен қозғалды. Кездесу кезінде имам жастарға өмірдің қадір-қасиеті, сабыр мен шүкірдің маңызы, қиындықтың уақытша екені және кез келген мәселенің шешімі бар екені жайлы тағылымды насихат айтты. Сондай-ақ дін тұрғысынан өз-өзіне қол жұмсаудың ауыр күнә екені, адамның өмірі Алланың аманаты екені түсіндіріліп, жастарды рухани тұрғыда төзімді, жауапкершілікті болуға шақырды.
Мұндай мазмұнды кездесулер жастардың санасын серпілтіп, өмірге деген көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Алла Тағала жастарымызды жаман ойдан сақтап, жүректеріне сабыр, бойларына қайрат-қуат нәсіп етсін, еліміз тыныш, шекарамыз берік болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



11 Ақпан 2026
23 Шаабан 1447

