Қордай: Әскери бөлімде сарбаздармен рухани кездесу өтті

Қордай: Әскери бөлімде сарбаздармен рухани кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейск қалашығы, 15632 әскери бөлімінде «Ұлан» мешітінің имамы Оразалиев Қанатбайдың ұйымдастыруымен тағылымды кездесу өткізілді.

Басқосу барысында сарбаздарға имандылық, отансүйгіштік, тәртіп пен жауапкершілік тақырыптарында насихат айтылып, әскердегі қызметтің маңызы, сабыр мен төзімнің орны, ата-анаға құрмет жайында пайдалы ойлар ортаға салынды.

Кездесу барысында сарбаздар рухани тұрғыда әсер алып, көтерілген тақырыптар олардың күнделікті қызметі мен өмірлік ұстанымдарына бағыт-бағдар берді. Алла Тағала ел қорғап жүрген сарбаздарымызға күш-қуат беріп, қызметтеріне береке берсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: