Қайырымдылық жасау, мұқтаж жандарға көмек көрсету – Ислам дінінің асыл мұраттарының бірі. Бұл туралы Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Адамдардың ең қайырлысы – адамдарға ең пайдалысы» деп өсиет еткен.
Осы өсиетті негізге ала отырып, Қордай ауылы «Рахман» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Мешіт имамы Кеулимжаев Нұрмұхамедтің бастамасымен әлеуметтік жағдайы төмен 7 отбасыға азық-түлік таратылды. Аталған шараға жұмсалған қаражаттың жалпы көлемі 170 000 теңгені құрады.
Бұл игі іс жамағаттың ауызбіршілігі мен жанашыр азаматтардың қолдауы арқылы жүзеге асты. Осындай сауапты амалдар қоғамда мейірім мен ізгілікті арттырып, мұқтаж жандарға демеу болары сөзсіз. Алла Тағала осы қайырымды іске үлес қосқан барша жандардың ниеттерін қабыл алып, жасаған жақсылықтарын еселеп қайтарсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



04 Ақпан 2026
16 Шаабан 1447

