Жастардың рухани кемелденуіне бағыт беріп, имани тәрбиеге баулу мақсатында Тараз қаласындағы «Кеңесхан қажы» мешітінде «Ислам және адал қоғам» тақырыбында Құран жарысы ұйымдастырылды.
Сайыс мешітте жарты пара Құран жаттаған шәкірттер арасында өтіп, қатысушылардың діни білімін шыңдауға, Құранға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды. Байқау барысында шәкірттер өзара бақ сынап, білімдері мен дайындық деңгейін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапат қағаздарымен марапатталды. Шара соңында мешіт имамы шәкірттерге алғыс білдіріп, алдағы ілім жолында табандылық танытып, биік жетістіктерге жетулеріне тілектестігін жеткізді.
«Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі



04 Ақпан 2026
16 Шаабан 1447

