Бұқара халықтың асыға күтетін ұлық мейрамы қасиетті Рамазан айына бірер күндер қалды. Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі ай.
Көпшілік мешітке қарай ағылатын айтулы мерекенің алдында Тараз қаласының мешіттерінде рамазан айына дайындық іс-шаралары жүргізілуде.
Атап айтсақ, мешіт ауласы ретке келтіріліп, мешіт іші және дәретханаларға жөндеу мен әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
«Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі



04 Ақпан 2026
16 Шаабан 1447

