Тараз: МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМІР МЕН АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Тараз: МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМІР МЕН АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Түркісіб» мешітінің жамағаты мен Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Игі іс аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы әрі мұқтаж отбасыларға нақты көмек көрсетілді.

Атап айтқанда, төрт отбасыға жалпы көлемі 8 тонна көмір таратылып, тағы бір отбасыға азық-түлік себеті табысталды. Мұндай қолдау қыс мезгілінде мұқтаж жандарға үлкен демеу болып, қоғамдағы өзара жанашырлық пен бауырмалдықты арттыра түсті.

Шара барысында мешіт жамағаты мен Ардагерлер кеңесі тарапынан демеушілік танытқан азаматтарға алғыс білдіріліп, атқарылған игі істің Алла разылығына жазылуы тілеп, ақ баталар берілді.

«Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: