ТҰСАУКЕСЕР – ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР МЕН ДІННІҢ ҮНДЕСТІГІ

ТҰСАУКЕСЕР – ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР МЕН ДІННІҢ ҮНДЕСТІГІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 

Тұсаукесер – қазақ халқының бала тәрбиесіне қатысты ең мағыналы әрі тағылымды салттарының бірі. Бұл дәстүр баланың алғашқы қадамын жақсылықпен бастап, өмір жолы ашық, нәсібі мол болсын деген ізгі ниеттен туған. Халқымыз тұсауды елге сыйлы, жолы ашық, адал адамға кестіріп, «бала соның жолын берсін» деп ырым еткен.

Ислам діні де әрбір істі жақсы ниетпен бастауға, балаға дұға тілеп, жақсылықты қалауға үндейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): «Істер ниетке байланысты», – деген хадисінде әр амалдың негізі ниет екенін еске салады. Тұсаукесердегі басты мән де – дәл осы ниетке саяды.

Егер бұл салтта шариғатқа қайшы әрекеттер орын алмай, ысырап пен даңғазалықтан аулақ болып, Алланы еске алып, дұға жасалса, ол дінге қарсы емес. Керісінше, тұсаукесер кезінде баланың жолы түзу, қадамы берекелі болсын деп бата берілуі – исламдағы дұға ұғымымен толық үйлеседі. Қазақтың батасы – мағынасы терең, мазмұны жағынан дұғаға жақын қасиетті сөз.

Сондықтан ұлттық салт-дәстүрді діннің өлшемімен сабақтастыра отырып орындау – рухани тұтастығымыздың, ата-баба аманатына адалдығымыздың айқын көрінісі. Қорытындылай айтқанда, тұсаукесер дұрыс ниетпен, ізгі тілекпен атқарылса, халқымыздың дәстүрі мен ислам құндылықтарының өзара үйлескен өнегелі үлгісі болып қала береді.

Ахат Қайыпбергенұлы,
«Әбдірашит ата» мешітінің имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: