УАҚЫП — ҮЗІЛМЕЙТІН САУАПТЫҢ ЖОЛЫ

УАҚЫП — ҮЗІЛМЕЙТІН САУАПТЫҢ ЖОЛЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дінінде уақып — Алла разылығы үшін дүние-мүлікті халық игілігіне арнап, оны сатуға, сыйлауға немесе мұраға қалдырмауға бекіту дегенді білдіреді. Бұл — адам өмірден өткеннен кейін де сауабы тоқтамай жалғаса беретін ең сауапты амалдардың бірі.

Құран Кәрімде Алла Тағала:
«Сендер жақсы көрген нәрселеріңнен Алла жолында жұмсамайынша, шынайы игілікке жете алмайсыңдар» — деп баяндайды (Әли Имран сүресі, 92-аят).

Ал Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.):
«Адам баласы қайтыс болған соң, үш амалдан басқа барлық амалы тоқтайды: садақа жәрия, пайдалы ілім және дұға жасайтын салихалы ұрпақ», — деген (Мүслім риуаят еткен).
Ғалымдар осы хадистегі «садақа жәрияның» ең көркем әрі кемел үлгісі — уақып екенін атап көрсеткен.

АТА-БАБАМЫЗДАҒЫ УАҚЫП ДӘСТҮРІ

Қазақ даласында уақып дәстүрі ертеден қалыптасқан. Бай-манаптар мен діндар азаматтар мешіт, медресе, құдық, көпір, жол, қонақ үй салып, оны халыққа уақып еткен. Кейбірі егіндік жерін, мал-мүлкін жетім-жесірге, шәкірттерге немесе мешіт қызметіне арнап қалдырған.
Бұл — ата-бабамыздың терең иманы мен кемел көрегендігін айғақтайтын асыл мұра.

УАҚЫПТЫҢ БЕРЕКЕСІ

Уақып — қоғамды біріктіретін, мұқтажға медет, келер ұрпаққа аманат болатын сауапты жол. Уақып еткен адамның дүниесі кемімейді, керісінше берекесі артып, игілігі еселенеді. Ең бастысы — бұл амал ақыретке азық болып жиналады.
Уақып — уақытпен өшпейтін, тасқа қашалған сауап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын ізгі із.

Омар Асқарбек,
Қаратау қаласы «Әбдібай ата» мешітінің имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: