ЖАМБЫЛ: ИХСАН ЖӘНЕ НАСИХАТ

ЖАМБЫЛ: ИХСАН ЖӘНЕ НАСИХАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы, Гродиково ауылы "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев жоба жетекшісі Бас Мүфтиіміз Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы бойынша 4 негізгі бағыттың біріншісі "Ихсан және насихат" бағыты бойынша "Үміт пен үрей" тақырыбын талқылады.

Үміт сенімнен туындайды. Иман келтірген жан әрқашан келешекке үмітпен қарайды. Әсіресе, адам баласы өзінің қимасын жоғалтып, жақсылыққа қол жеткізе алмаған кезде, жамандықтан да арыла алмай, алдағы күннің сәулесі өше бастаған шақта үміт – адам баласын әуелете тік көтеріп әкететін пырақтай. Үміт арқылы адам өзінің шамасы келмейтін нәрселерге қол жеткізеді. Имам Шафиидің айтқан ғибратты сөздері де кісіге ой саларлық. Ол: "Жүрегім қатайып, жолдарымның астаң-кестеңі шыққан шақта үмітімді кешіріміңе баспалдақ қып төседім...

Күнәларым көз алдымда қанша ұлғайғанмен Сенің кешіріміңнің қасында түкке тұрмайтынын білдім, бәрібір кешіріміңнің көз жетпес кең екенін көрдім"- деген.Ол «Адам бойында жас кезде үрей, қартайғанда үміт басым болу керек» деген мәні терең һәм ғибратты тұжырым айтқан. (Ғазали, Мукашафатуль-қулуб)

 

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: