ЖАМБЫЛ: ИСЛАМ - БЕЙБІТШІЛІК ДІНІ

ЖАМБЫЛ: ИСЛАМ - БЕЙБІТШІЛІК ДІНІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы,  Қызылқайнар ауылы "Бейсеу ата" мешітінің имамы Ермухамбет Берсүгір мешітке келген жамағатқа "Ислам - бейбітшілік діні"  тақырыбында уағыз- насихат айтты. Ислам –  араб тілінде бейбітшілік, амандық, тыныштық деген мағына береді.

Аты айтып тұрғандай Ислам дінінің бейбітсүйгіш дін екенін атауынан байқауға болады. Асыл дініміздің атын ұлы Раббымыздың өзі атаған. Ислам діні келген соң ер де әйел де, бай мен кедей де оның түр тұлғасы, атақ-даңқы, дүние – мүлкі емес,  Алланың алдында адамзаттың барлығы тең екенің көрсетіп, жер бетінде бір-біріне жақсылық жасап, бейбіт өмір сүруге шақырады.

Құранды оқыған, хадисті түсінген адам  жаманшылық атаулыдан алыс болатыны айдан анық. Себебі,  Пайғамбарымыз Мұхаммад с.а.у. қашанда адамдарды бауырмалдыққа, ауызбірлікке, көркем мінезді болуға шақырған. Алла Тағала тәуелсіз еліміздің тұғырын кашан да биік етіп, халқымызға ауызбіршілік, ынтымақ бергей!

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: