ҚМДБ Жамбыл облысы өкілдігі Байзақ ауданы IV аймақ мешіттерінің ұйымдастыруымен Сарыбарақ ауылдық «Темірбек баба» мешітінде «Деструктивті діни ұстаным - қазақ даласына жат ұғым » атты семинар-тренинг болып өтті.
Аталмыш шараға IV аймақ жетекушісі Ахмет Жетпісбайұлы бастаған дін қызметкерлері қатысып, діни оңалту бағыты аясындағы біршама білімге қол жеткізді.
Алғы сөзді алған Байзақ ауданының наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы алдымен ҚМДБ тарапынан оңалту жұмысына ерекше көңіл бөлініп жатқандығын тілге тиек етіп: «Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен діни оңалту бағыты бойынша тың жобалар қолға алынып жатыр. Халықты діни жат ағымдардан сақтандыру мақсатында имамдар және теологтар қоян-қолтық жұмыс жасауда. Бүгінгі іс-шара соның айқын дәлелі» деді.


28 Қаңтар 2026
9 Шаабан 1447

