ЖАМБЫЛ: ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ

ЖАМБЫЛ: ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл ауданы, Айшабибі ауылы "Айшабибі" мешітінің имамы Қатарбай Таджибаев мешітке келген жамағатқа "Жат ағымның зардаптары" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жат ағым – адам денесіндегі дерт іспетті. Қай жерде әлсіздік болса, қай жерде сақтану, алдын алу шарасы болмаса, сол жерді дерт меңдейді. Сондықтан әр азамат дұрыс діни ақпараттармен өзінің білімін күшейтіп, дінді сенімді қайнар көздерінен үйреніп, рухани сүзгі қалыптастырса, теріс ағым ықпалынан сақтана алады.

Діни сауат ашуды қалаған адам немесе көкейіндегі сұрағына жауап алғысы келген кісі діни мағлұматты интернет желілеріндегі белгісіз тұлғалардан емес, мешіт имамдарынан сұрағаны, бекітілген ұстаздардан үйренгені аса маңызды.

 

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: