ЖАМБЫЛ: ФИҚҺ ДӘРІСІНДЕ "ҚИРАҒАТ" ТАҚЫРЫБЫ ӨТІЛДІ

ЖАМБЫЛ: ФИҚҺ ДӘРІСІНДЕ "ҚИРАҒАТ" ТАҚЫРЫБЫ ӨТІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы, Гродиково ауылы "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев "Ислам Ғылымхалы" кітабы бойынша фиқһ дәрісінде "Қирағат" тақырыбын ашықтап түсіндіріп берді.

 Намазда Құран тек араб тілінде оқылады. Басқа тілге Құранның өзі емес, оның мағыналық аудармалары ғана жасалады. Қырағаттың ең азы – әр ракағатта бір аят оқу. Қырағат дұрыс болу үшін оны өзіне естілер-естілмес дәрежеде оқу керек. Себебі дауыс шығару – қырағаттың шарттарының бірі.

Қырағат уәжіп, сүннет және нәпіл намаздардың барлық ракағаттары мен парыз намаздардың алғашқы екі ракағатында – парыз. Ал парыз намаздардың басқа ракағаттарында қырағат уәжіп.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: