Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыбарақ ауылы «Темірбек баба» мешітінің имамы Мыңбаев Жасұлан және ауыл ақсақалдарымен жастары ауылда арақ сатылмайтындығын алға тартып «Арақсыз ауыл қоғам айнасы» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуге Байзақ ауданының наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы қатысып, «Ішімдіктің қоғамға зияны» тақырыбында сөз өрбітті. Ауыл имамы Мыңбаев Жасұлан сөзінде:
Кеңес үкіметінің заманынан бүгінге дейін жағаласқан жауымыз – осы арақ. Әйтпесе, қазақ – кең далада таза ауамен тыныстап, Алтай мен Атыраудың арасында мамыражай тірлік кешкен халық. Ал ішімдік індеті қазақ арасына отарлау жылдарында келген. Бұл біздің ұлттық салт-санамызға, дәстүрлі тұрмысымыз бен дастарханымызға жат дүние.
Себебі араққа үйір адамның сөзінде пәтуа болмайды, отбасының берекесі, құты қашады, одан қала берді жұмысынан қуылып, ағайындар арасында беделінен айырылады, өмірінің мәнін жоғалтады. Ал қазақ қашанда астың адалын жеп, ағайынның татулығын қолдап, ынтымақ пен бірлікті бәрінен биік қойған. Бүгінгі жастарға қу арақтан алыс жүріп, ғылым-білім үйренуге ұмтылу қажет. Сонда ғана елдің көркеюі жеделдей түседі, – деді.


28 Қаңтар 2026
9 Шаабан 1447

