Жамбыл облысы Байзақ ауданы Диқан ауылдық кітапханасында Байзақ ауданының наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы ауыл тұрғындарына «Адалдық қоғам айнасы» тақырыбында насихат айтты.
Бақытбек Бауыржанұлы сөзінде: «Адал қоғам – бұл тек заңмен реттелетін орта емес, ол ең алдымен иманға, ар-ұятқа және Алладан қорқуға негізделген қоғам. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылды діни қызмет аясында «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялады.
Расында, адалдық ұғымы бәрінен бұрын руханиятқа жақын тақырып. Мұндай қоғамды құру жүрек тәрбиесінен басталады десек, ақиқатты аттағандық болмайды. Ислам дінінде адалдық (ықылас, аманат) – мұсылманның басты сипаты. Алла Тағала адал адамдарды жақсы көреді. Құран Кәрім мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде адал болу, әділдік орнату қоғамның беріктігінің негізі екені анық айтылған. Олай болса, адалдық деген қандай ұғым, мағынасы не, бұл сипатты адам бойына егуге бола ма әлде атаның қанымен, ананың сүтімен бойға бітетін тума қасиет пе? Бұл терең ойлануды қажет ететін өзекті мәселе»,-деді.



28 Қаңтар 2026
9 Шаабан 1447

