#Шу: “Жәми” мешітінде «Исламның бес парызы» тақырыбында семинар өтті

#Шу: “Жәми” мешітінде «Исламның бес парызы» тақырыбында семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы “Жәми” мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен орыс тобына арналған «Исламның бес парызы» атты семинар өтті. Танымдық шараның мақсаты – ислам дінінің негізгі ұстанымдарын кеңінен түсіндіру және рухани білімді арттыру болды.

Семинар барысында шәкірттерге исламның бес парызы жөнінде жан-жақты мәлімет беріліп, тақырыпқа байланысты түрлі сұрақ-жауаптар мен қызықты ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін сынап көрді.

Шара соңында семинарға белсене қатысқан шәкірттерге арнайы сыйлықтар табысталып, рухани тәрбиенің маңыздылығы атап өтілді. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер шәкірттердің діни сауатын арттыруға және ізгі құндылықтарды насихаттауға зор үлес қосатынын жеткізді.

Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: