ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРДЫ БЕКІТТІ

ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРДЫ БЕКІТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 

Бүгін Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде өңір имамдарының алқалы жиыны өтті. Шара қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды.

Жиын барысында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы кіріспе сөз сөйлеп, 2026 жыл «Ислам және адал қоғам» жылы болып жарияланғанын атап өтті. Сондай-ақ, аталған жыл аясында жүзеге асырылатын мақсат-міндеттерге кеңінен тоқталды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы, "Ихсан және насихат" бағытына жауапты маман Нұралы Бақытұлы насихат айту әдебі, оны заман талабына сай жеткізу жолдары, халықты дұрыс әрі сапалы насихатпен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар насихатқа қажетті кітаптармен таныстырып, әлеуметтік желілердегі діни насихатқа қойылатын бірқатар талаптарды атап өтті. Аталған бағыт бойынша алдағы жылға арналған жоспарды ортаға салды.

Жиында «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы, "Жат ағымдардан сақтандыру" бағытына жауапты маман Нұрлан Мұрат сөз сөйлеп, 2026 жылға арналған жоспарымен таныстырды.

Сондай-ақ, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры, "Діни оқу-ағарту" бағытына жауапты маман Жарбол Болатұлы өз бағыты бойынша атқарылатын жұмыстарды баяндап, маңызды мәселелерді тізбектеді.

«Дәстүр және отбасы» бағытына жауапты маман Ғайырфулла Қуанышбеков сөз сөйлеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтын нығайту, ата-ана мен бала тәрбиесіне қатысты діни-ағартушылық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығына тоқталды. Бұл бағытта атқарылатын іс-шаралар жоспарын баяндады.

"Шариғат және пәтуа" бөліміне жауапты маман Әбдіқадір Сейтқали пәтуа дәрістерін жүргізу кестесін таныстырып, бұл бағыттағы жұмыстарға тоқталды.

Жиын соңында ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен бірқатар имамдар марапатталды. Шара соңында ел амандығы мен атқарылатын жұмыстарға береке тілеп дұға жасалды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: