Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай Құмөзек ауылдық «Құмөзек» мешітіне арнайы барып, мешіттің жалпы ахуалын зерделеп қайтты.
Іс-сапар барысында бас имам мешіттің ішкі және сыртқы жағдайымен танысып, бейнебақылау камераларының жұмысын, діни әдебиеттер тізімінің талапқа сай болуын, сондай-ақ дәретхана бөлмелерінің тазалығы мен қолайлылығын тексерді.
Тексеру кезінде мешіттің тәртіпке сай жұмыс істеуі, жамағатқа қолайлы жағдай жасау және қауіпсіздікті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, мешіт қызметін одан әрі жетілдіру бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды.
Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.



23 Қаңтар 2026
4 Шаабан 1447

